Профориентация

Сведения о профориентационной работе кафедры экономики и менеджмента за 2018

Экономика және менеджмент кафедрасының 2019-2020 оқу жылында жүргізген кәсіптік бағдар жұмысы

Қыркүйек айының басында экономика және менеджмент кафедрасында кәсіби-бағдар жұмысының шаралар жоспары жасалды. Белгіленген ЖОББМ жасалатын кәсіби бағдар жоспарын бекітілді. Қала мектептеріне кәсіби-бағдар жұмыс жүргізу үшін оқытушылар тағайындап, тізімін ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығына тапсырылды.

Кафедра Орал қаласының № 1, № 7, № 19, № 23, № 37, № 26, № 49 ЖОББМ және Инженерлік-технологиялық колледж, Инновациялық-индустриалдық колледжінентүлектерге үгіт насихат жұмыстарын жүргізу арқылы мамандарды даярлау мақсатында жұмыстанады. Университеттің Өркен газетіне кафедраның білім беру бағдарламалары туралы мәліметтер беріліп, кафедраның жарнамалық буклеттері жаңартылды.

Қараша айында бекітілген мектептер бойынша соның ішінде 21 қараша күні Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы № 11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінде, 27 қараша күні № 1 ЖОББМ, ата-аналар жиналыстарына кафедра оқытушысы э.ғ.к., доцент А.Б. Тлесова қатысып, университет және мамандықтар туралы толық ақпарат берілді.

Университет мамандықтарына түлектерді тарту мақсатында мектеп және колледждерде кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында жалпы бекітілген мектептер бойынша жасалатын жұмыстар мектеп сәйкесіне сәйкес жасалуда.

Жоспар бойынша жүктелген «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу мақсатында қаланың № 33, № 1, № 7, № 19, № 23 ЖОББМ, № 37 ЖОББМ, № 49 ЖОББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, № 26 мектептерінде болып, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу үрдісінің ұйымдастырылуы, материальдық-техникалық базасы мен ПОҚ құрамы, университеттің өңірдегі тарихы бар ірі оқу орны болып табылатындығы туралы, университет мамандықтары туралы, оқушыларға ақпарат беріп, университет мамандықтары туралы мәліметтер берілген буклеттер таратып, сауалнама жүргізіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беру арқылы жүргізілуде. Жасалып жатқан жұмыстар біздің университетімізге оқушыларды тарту мақсатында жасалады.

Оқушылар университет мамандықтары және оқулықтармен, компьютермен жабдықталуы туралы сұрақтар қойып, университетке оқуға түсуге қызығушылық танытты.

Қазан айында бекітілген жоспарға сай, № 23 ЖОББМ, № 37 ЖОББМ, № 26 ЖОББМ мемлекеттік мекемелеріне барып, кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша ынтымақтастық туралы және кафедра филиалдарын құру жайлы келісім шарттар жасалды.

   

Мектептер бойынша кафедрадан жауапты келесі оқытушылар: Мухамбеткалиева Ф.К., Акмалиева А.Ж., Егзалиева А.Б., Талгатова З. , Буланова Н.К. барып мектеп директорымен, оқу ісінің меңгерушісімен кездесіп келісім шарттар жасалды. Сонымен қатар, алдағы уақытта мектеп түлектерімен кездесіп, келісе отырып кафедра ісшаралар ұйымдастырып кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу жайлы айтылды.

Қараша айының 6 күні Орал қаласы әкімдігінің №49 ЖОББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кафедра бойынша жауапты оқытушылар Янтурсина З.Ю., Саматова Ж.С. мектеп түлектеріне кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

 

Кәсіби-бағдар жұмысын жүрізу кезінде барлығы 22 оқушының 20-ы қатысты. Кездесу барысында оқытушылар өздерін таныстыра отырып, оқушыларға сауалнама жүргізіп, экономика және менеджмент кафедрасы бойынша білім беру бағдарламаларымен және университеттің басқа факультеттері туралы ақпарат берді. Жалпы университет туралы мәлімет бере отырып, экономикалық білім беру бағдарламаларымен, магистратура, жеңілдіктер, шәкіртақылар туралы айтып өтті. Студенттердің академиялық ұтқырлық аясында Қазақстан бойынша немесе шетелдік ЖОО-да тәжірибе алмасу жолға қойылған. Университетте мемлекеттік гранттан басқа атаулы шәкіртақы иегері болуға мүмкіндік бар.

Кафедра филиалының №33ЖОББМ 11 сынып оқушыларының кәсіби бағдар жұмысы бойынша мониторингі

Мектеп №

Жалпы мектеп бітіруші

түлектерінің саны

Сауалнамаға қатысқан оқушылар саны

Соның ішінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ-н таңдағандардың саны

Өзге жоғарғы оқуды таңдамағандардың саны

Жоғарғы оқу орнын таңдауда шешім қабылдамағандар саны

Математика және география пәнін таңдаған оқушылар саны

49

22

20

4

11

5

0

Сауалнама жүргізу нәтижесінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ді тандаған студенттер саны 5-еу және ойларында бар, әлі нақты шешімге келмегендер 4 оқушы болды. Оқушылардың басым бөлігі медициналық және техникалық мамандықтарды таңдап отыруына байланысты, таңдау пәндері біздің білім беру бғдарламаларымызға сәйкес келмей отыр. Дегенмен мектеп түлектеріне толық ақпарат берілді, әлі де үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі.

Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтардың басым көпшілігі оқуға түсу жеңілдіктері туралы, мамандықтарға бөлінетін грант саны,оқу ақысы және жеңілдіктер туралы болады.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқу үрдісінің ұйымдастырылуы, материальдық-техникалық базасы мен ПОҚ құрамы, университеттің өңірдегі тарихы бар ірі оқу орны болып табылатындығы туралы, университет мамандықтары туралы, оқушыларға ақпарат беріп, университет мамандықтары туралы мәліметтер берілген буклеттер таратып, сауалнама жүргізіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Осы жасалған жұмыстар біздің университетімізге оқушыларды тарту мақсатында жасалды. Оқушылар университет мамандықтары және оқулықтармен, компьютермен жабдықталуы туралы сұрақтар қойып, университетке оқуға түсуге қызығушылық танытты. Оқытушылар «Экономика және менеджмент» кафедрасының мамандықтарынан басқа жалпы университет мамандықтары мен магистратура мамандықтары туралы да толық ақпарат беріп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Қараша айының 7 күні № 7 ЖОББМ мемлекеттік мекемесіне кафедра бойынша жауапты оқытушылар Садыкова Г.А., Чудрова В.У., Антонова Н.М. мектеп бітіруші түлектермен кездесіп сауалнамалар жүргізіп, буклеттер таратты.

 

№ 7 ЖОББ мектепте мектеп бітіруші түлектер саны 132 оқушы. Төрт сыныпта оқиды. Соның ішінде 93 оқушы сауалнамаға қатысты. Сауалнама нәтижесінде 23 оқушы М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқуға ниет білдірді ал нақты таңдағандар иә деген оқушылар саны- 5. 18 оқушы ойланамыз деп белгілеген.Сол тағдаған5 оқушы бейіндік пәнге - биология +география. Ал 18 оқушыішінен математика+физиканы – 5 оқушы, биология+химия – 3 оқушы, 1 оқушы математика+география таңдаған.

Үгіт-насихат жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады. Соның нәтижесінде М. Өтемісов атындағы БҚМУ таңдаушылар қатары көбейеді деген ойдамыз.

Кездесу барысында оқытушылар өздерін таныстыра отырып, университет туралы бейне роликті көрсетті. Жалпы университет туралы мәлімет бере отыра, экономикалық мамандықтар, магистратура, жеңілдіктер шәкіртақылар туралы айтып өтті. Оқушыларға грантты жеңіп алмаған жағдайда, еш мойымай алдағы уақытта жақсы оқып, өзін жақсы көрсете білсе жеңілдіктер мен грантқа ауысуға мүмкіндіктің бар екенін айтты. Өзін қаламаған мамандық бойынша ақылы бөлімде оқыған жағдайда да, 1 семестр немесе 1 жыл аралығында мамандықты ауыстыруға да мүмкіндік бар екенін түсіндірді. Төмен балл жинаған жағдайда шығармашылық емтихандар тапсыру арқылы ЖОО студенті атануға болатынын да айтып өтті.

Экономика және менеджмент кафедрасының оқытушылары Ф.К. Мухамбеткалиева мен А.Ж. Акмалиева 18.11.2019 ж. Орал қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебінде жоспарға сай бағдар кәсіби бағдар жұмысын жүргізіп келді. Мектептегі мектеп түлектерінің саны Мектептегі мектеп түлектерінің саны 53 оқушы. Оқытушылар мектеп түлектеріне университет мамандықтарын, оқу барысы, БҰТ туралы жаңа мәліметтермен таныстырды. Факультеттің ұйымдастыратын тренингке шақырды. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толықтай жауап алынды. Кездесу барысында 11 сыныбы оқушыларының көбі биология-химия, география- математика, ағылшын тілі-жалпы тарих, физика-математика пәндерін таңдап отырмыз деп айтты. Жалпы оқушылардың көпшілігі нақты таңдауларын жасамаған деп айтуға болады.

Мектеп оқушыларымен мұғалімдерімен әртүрлі кәсіби бағдар шараларын өткізу: дөңгелек үстел, дебаттар, семинарлар, ғылыми жобалар ұйымдастыру мақсатында № 23 ЖОББМ аға оқытушы Ф.К. Мухамбеткалиева ұйымдастырды. Болашақ студенттер бар білімін ортаға салып қызығушылықтарын туғызды. Өздерінің жан-жақтылығын, білімге деген ынтасын көрсетті. Осындай жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың мамандыққа деген білімге деген ынтасы мен қызығушылығы артты. Барлық ойларын ортаға салып қызықты болды.

Доцент, э.ғ.к. А.Б. Тлесованың ұйымдастырылуымен мектеп түлектеріне семинар, дөңгелек үстел оздырылды. Мектеп түлектері экономика және менеджмент мамандықтары саласы бойынша өз ойларын ортаға салып, көптеген білмейтін сұрақтарына жауаптар алып риза болып тарасты.

Сонымен қатар, 4, 5желтоқсан күндері кафедра оқытушылары Антонова Н.М., Чудрова В.У. 132 оқушысы бар № 7 мектеп мектеп бітіруші түлектермен кездесіп кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.

Мектеп түлектерінің көпшілігі кездесу барысында Ресей қаласындағы ЖОО деген қызығушылықтары басым екендігін анықтады. Соған қарамастан, оқытушылар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің артықшылықтарын мектеп түлектеріне түсіндіріп қызығушылықтарын оятуға тырысты. Алдағы күндерде оқушылардың ЖОО деген көзқарастарының өзгеруіне ой салды. Ондағы мақсат оқушылардың болашақта сапалы білім алып, еліміздің жан-жақты дамуына үлестерін қосу.

Қараша айында оқытушылар О.В. Черемухина, А.Ж. Акмалиеваның ұйымдастырылуымен ЖОББМ мектеп бітіруші түлектерімен «Мамандықты қалай таңдаймыз?» атты тренинг өткізілді. Кафедра мамандықтары бойынша оқытушылар түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, оқушылардың қызығушылығын тудыру мақсатында оларды топтарға бөліп бірнеше сұрақтар қою арқылы өз ойларын ортаға салды. Тренин тартымды қузу өтті. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына байланысты жауаптарын алды.

Қорытындысында экономика және менеджмент кафедрасы атынан қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар, буклеттер таратылып берілді.

ЖОББМ қаржы кафедрасы ұйымдастырған жексенбілік мектепке «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша А.Б.Егзалиева, А.Ж.Акмалиева жоспарға сай сабақ жүргізді.

Сонымен қатар, филиалдармен жұмысты нығайту мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысының инновациялық нысандарын дамыту үшін жексенбілік жұмысына кафедра оқытушылар өз үлесін қосуда. Қараша айында кесте бойынша, кафедра оқытушылары соның ішінде Г.И. Нестеренко, В.У. Чудрова, А.Б. Егзалиева, Н.К. Буланова сабақ жүргізді.

Кафедра бойынша жоспарға сай жұмыстар жасалып жатыр.


Печать