Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан атты адалдық сағаты

2020 жылдың 19 қазан күні Тарих,экономика және құқық факультетінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Биыл аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды. Адалдық сағатын факультеттің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Майманова Н.Н ашса,одан әрі заң ғылымдарының магистрі, оқытушы-Досжанов Қайырбек Мыржақожаұлы қазақ тілінде өз баяндамасын оқыса, экономика ғылымдарының магистрі, оқытушы-Усенко Мария Сергеевна - орыс тілінде жалғастырды. Адалдық сағаты барысында батылдық, адалдық және табандылық қасиеттер Бауыржан Момышұлын Халық қаһарманы еткендігі жайында және сол кездің өзінде-ақ оның тұлғасынан жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері де табылғандығы туралы айтылды.

Адалдық сағаты барысында жастар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсіріп,Ел дегенде еміреніп,жұрт дегенде жүгініп қызмет ету керектегін тағы бір ұғындырды.  Маратова А.Ү. МО-31 тобының студенті

bau24.jpg - 57.84 kB

bau25.jpg - 49.91 kB

bau26.jpg - 57.63 kB

bau27.jpg - 22.74 kB


Печать