Сараман

Экономика және менеджмент кафедрасының студенттеріне арналған сараманнан өту туралы ақпарат

Студент қандай курста оқитынына байланысты университеттегі сараманның бірнеше түрде болуы мүмкін: оқу, оқу-танысу, өндірістік және т.б. Сонымен бірге, тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің кәсіптік қызметті меңгеруінің үздіксіздігі мен реттілігін қамтамасыз ету болып табылады.. Сараман мерзімі оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес, университеттің оқу-өндірістік базасының және сараман базалары ұйымдарының мүмкіндіктері мен студенттердің теориялық дайындығы деңгейіне сәйкес белгіленеді.

Сараман алдында білім алушы тиісті кафедрадан: білім алушының бағдарламасын, бағытын, жұмыс жоспар-кестесін, кәсіптік практикадан өтуге күнделік-есепті; тәжірибеден өту үдерісі бойынша ұсыныстар мен кеңестерді алуға міндетті.

Сараман базасы болып табылатын ұйымдарға жіберілген студенттер ЖОО-да бұйрық шыққаннан кейін тәжірибе орнын өзгерте алмайды. Міндетті түрде білім алушылар тәжірибеге декан қол қойған және факультеттің мөрімен жолдама алуы тиіс.

Сараманның барлық түрлерінің қорытындысы бойынша білім алушылар тиісті кафедраға күнделік-кәсіптік тәжірибеден өту туралы есеп және сараман жетекшісі тексеретін есеп береді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғалады. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады. Сараман бойынша есептерді қорғау хаттаманы ресімдеумен кестелерге сәйкес жүргізіледі

КПО компаниясынан сараман өту үшін ақпарат

Құжаттар әр оқу жылының 01 қазанына және 01 ақпанына дейін қабылданады (мамандықтар тізімі және өтініш үлгісі қоса беріледі).

Сараман өту үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1. Сараман кандидаттардың жалпы тізімі

2. 3*4 фотосуреті бар студенттің өтініші (форма қоса беріледі)

3. Студенттің жеке куәлігінің көшірмесі

4. Транскрипт / сынақ кітапшасының көшірмесі

5. Студенттің сараман жоспары

Сондай-ақ студенттерге ҚПО-да сараманнан өту шарттары туралы түсіндіру қажет:

1. Сараман төленбейді.

2. Сараман кезеңіне тұрғын үй берілмейді.

3.Ақсай / с дейін жол ақысы өтілмейді

4.Тамақтану(түскі ас)

5. Сараман кезінде жұмыс орнына/с жеткізу КПО көлігімен жүзеге асырылады.

Сараманға шақырылған студенттердің өзімен бірге жеке куәлігі және медициналық анықтамасы болуы қажет(086/У).

Бұл құжаттарды мансап бөліміне ұсыну қажет.


Басып шығару