6В04102-Экономикалық қауіпсіздік

6В04102 Экономикалық қауіпсіздік білім беру бағдарламасының мақсаты:

Экономиканың жаһандануы жағдайында мемлекет пен бизнестің экономикалық қауіпсіздігі мәселелерін шешуде жүйелі тәсілді іске асыратын, өз қызметінің кәсіби салаларын дамытудың сипаты мен бағытына конструктивті ықпал ете алатын және серпінді өзгеретін кәсіби және әлеуметтік қызмет жағдайларына тиімді бейімделе алатын, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерген, көшбасшылық қасиеттерге ие және өзін-өзі қалыптастыруға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын экономикалық қауіпсіздік жөніндегі менеджерлерді даярлау.

Бітіруші түлекке экономикалық қауіпсіздік білім беру бағдарламасы бойынша бизнес, басқару және құқық бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Экономикалық қауіпсіздік білім беру бағдарламасы бойынша бизнес, басқару және құқық бакалавры экономикалық қауіпсіздік бойынша жетекші маман, бухгалтер, экономист, қаржы талдаушысы, аудитор немесе ревизор, сот сарапшысы, кеңесші қызметтерін атқара алады: республикалық, өңірлік және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржы және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201ө-м бұйрығымен бекітілген Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер жанындағы қаржы басқармалары мен бөлімдері, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметтерінде.

Таңдау пәні – география+ математика


Басып шығару