6В04105-Қаржы

6В04105 Қаржы білім беру бағдарламасының мақсаты:

Заманауи кәсіби құзыреттілікке ие, серпінді өзгеретін кәсіби және әлеуметтік қызмет жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, негізгі кәсіби функцияларды іске асыруға жоғары дайындық деңгейіне ие, өз қызметінің кәсіби салаларының даму сипаты мен бағытына конструктивті ықпал ете алатын, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерген, көшбасшылық қасиеттерге ие және өзін-өзі қалыпастыру мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын қаржы менеджерлері мен талдаушыларды дайындау.

Осы білім беру бағдарламасының түлегіне "Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.

Қаржы білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры өзінің кәсіби қызметін қаржыны ұйымдастырумен, жоспарлаумен, реттеумен, бақылаумен және басқарумен, қаржы, ақша - несие институттарымен, сақтандыру, зейнетақы, инвестициялық компаниялармен байланысты сондай-ақ ұлттық экономиканың барлық салалары мен буындарында зерттеу, инновациялық, жобалық, кеңес беру, талдау қызметін, жалпы білім беру және орта білім беру ұйымдарында білім беру (педагогикалық) арнайы мекемелерінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201ө-м бұйрығымен бекітілген басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы бөлімдерінде қызметін жүзеге асырады.

Таңдау пәні – география+ математика


Басып шығару