6В04104-Есеп және аудит

6В04104 Есеп және аудит білім беру бағдарламасының мақсаты:

Заманауи кәсіби құзыреттілікке ие, серпінді өзгермелі кәсіби және әлеуметтік қызмет жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқару қызметінің дағдыларын меңгерген, көшбасшылық қасиеттерге ие және өзін-өзі қалыпастыру мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылған кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларды дайындау.

Осы білім беру бағдарламасының түлегіне "Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры" академиялық дәрежесі беріледі.

Есеп және аудит білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалавры бас бухгалтер, аға бухгалтер, аға экономист, аға қаржыгер, коммерциялық менеджер, қаржылық талдаушы, аудитор немесе ревизор, кеңесші қызметтерін атқара алады: республикалық, аймақтық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда, банктерде, биржаларда, қаржылық және сақтандыру компанияларында, инвестициялық қорларда, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Ұлттық Банкінде, зейнетақы қорларында, қазынашылық органдарында, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201ө-м бұйрығымен бекітілген басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығының біліктілік талаптарына сәйкес әр түрлі деңгейдегі әкімдіктер жанындағы қаржы басқармалары мен бөлімдері, барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметтерінде.

Таңдау пәні – география+ математика


Басып шығару