6В02201 - Тарих, мұрағат ісі және мұрағаттану

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Терең теориялық білім мен құзыреттілікті меңгерген, ғылыми, эксперименттік-лабораториялық (музей, архив саласында), оқытушылық және әкімшілік-басқарушылық қызметке дайын білікті тарихшы және іс-жүргізуші мамандарын даярлау.

Бітіруші түлекке 6В02201 – «Тарих, мұрағат ісі және мұрағаттану» білім беру бағдарламасы бойынша «Гуманитарлық ғылымдар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Білім беру бакалаврлары ұстаздар мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымдарға ие бола алады (31.10.2018ж. Өзгерістер мен толықтырулармен)

6В02201 – «Тарих, мұрағат ісі және мұражайтану»  білім беру бағдарламасының түлегі өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатын өзгертуге әдістемелік және психологиялық  тұрғыдан дайын;

- Ғылыми, педагогикалық, басқарушылық кәсіптік қызметтің белгілі бір түріне қажетті гуманитарлық ғылымдар саласындағы білім, білік, құзыреттіліктің білім беру бағдарламасын мақсатты дамыту арқылы өз қызметінде білім негіздеріне ие болады;

- Еңбек нарығы мен технологияның өзгеріп отырған талаптарына бейімделуге мүмкіндік беретін бастама және белсенділік;

- Ғылыми-зерттеу, әдістемелік эксперименттер жүргізу дағдыларына ие.


Басып шығару