6В042 – Құқық

6В042 – "Құқық"мамндығы бойынша бітірген түлекке құқықтану бакалавры академиялық дәрежесі беріледі. Түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2018 ж. 31.11 № 604 бұйрығымен бекітілген жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына сәйкес анықталады. 6В042 – "Құқық"мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасыКәсіби қызмет саласы:мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқық саласында туындайтын заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын қорғау, қамтамасыз ету, кепілдік бері. Кәсіби қызмет нысандары: бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны құқық қорғау органдары; мемлекет билік пен басқарудың сот, атқарушы және өкілетті органдары; мемлекет және мемлекеттік емес кәсіпорындар; адвокатура; банкілер; сақтандыру және аудиторлық компаниялар; білім беру ұйымдары бола алады. Кәсіби қызмет пәндері:

-құқықтық нормалар;

-заңға қатысы бар оқиғалар мен әрекеттер;

-мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының қызметі

-саласында пайда болатын құқықтық қатынастар;

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы құқықтық қатынастар.

Кәсіби қызмет түрлері: 6В042 – "Құқық"мамандығы бойынша бакалаврлар мынандый кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

-Қазақстан Республикасының мемлкеттік органдары мен ұйымдарында ұйымдастыру-басқару қызметі;

-Ішкі істер, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік, прокуратура, сот мекемелері және т.б органдарында құқық қорғау қызметі;

-заң кеңесшісі, адвокат есебінде заңдық және қызмет беру қызметі;

-орта және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында педагогикалық қызмет.

Кәсіби қызметінің функциялары:

-құқық қорғау;

-құқық қорғаушылық;

-ұйымдастыру-басқару;

-педагогикалық;

-Қазақстан Республикасында зайырлы және құқықтық мемлкете құру;

-заңды нақты орындау жеке және заңды тұлғалардың заң алдында теңдігі тұрғысында құқықты қолдану қызметін іске асыру;

-құқықты қолдауын тәжірибелерінің мәселелерін анықтау және ұлттық заң шығарушылықты жетілдіру.

Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

-адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау нәтижелілігін арттыру;

-кәсіпкерлік және басқа да заңға қайшы келмейтін қызметтерді қорғау және қолдау;

-құқық бұзудың алдын алу;

-азаматтық пен отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, конституция мен қоғамға қайшы келетін жағдайларды қабылдамауға тәрбиелеу;

-заң мен құқық тәртіптерін нығайту;

-халықтың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру және дамыту;

-адам және азаматтың құқықтарын қорғау.

Кәсіби қызметі бағыттары:

Құқықтану бакалаврының қызметі құқықтық нормаларды іске асыруға, көпшілік және жеке мүдделерді қорғау кезіндегі қоғам өмірінің түрлі саласындағы құқықтық тәртіппен заңдылықтарды нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталады;

Кәсіби қызметінің мазмұны:

-құқықтық мемлекет және азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосу;

-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;

-заң ықпалының саласын кеңейту;

-құқықтық реттеу тетігін жетілдіру;

-құқықтық білімдер мен кәсіби дағдыларын тереңдету;

-халық арасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы;

-жаңа заманға сай саяси-құқықтық көзқарастардың таратылуы;

-қазіргі заңдарды сауатты қолдану;

-адам мен азаматтың құқықтарының, сонымен қатара қоғам мүдделерін қорғау жөніндегі мәселелерді орындау мақсатында демократиялық қоғамдық, мемлекеттік, құқықтық институттарды кеңінен қолдану;

6В042 – "Құқық"мамандығы бойынша бакалаврдыңң түйінді құзыретіне қойылатын талаптар. Құқықтану бакалавры:

Түсінігі болуы: адамзат құндылығы; менеджмент негіздері; Отандық тарихтың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері; телебайланыстың жаңа құралдары; логика заңдары мен ұғымын; қазақ және шетел тілдерінің ережелері мен қызметінің негіздерін ұйымдастыру болып табылады.

Білуі керек: құқықтық ұғымды; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын; жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау түрлері мен механизмдерін; құқықтық және мемлекеттік құбылыстардың мәнін, сипаты мен өзара әрекеттестігін; құқық туралы түсінікті және оның мәнін; заңды құжаттарды дайындауы басты бағыт болып саналады.

Істей білуі: алған білімін шығармашылық тұрғыда қолдануды; алған білімін нақты үсыныстармен ұштастыруды; құқық саласының түрлі нормаларын түсіндіруін; құқық саласындағы түрлі құжаттарды құруды; логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерінің, жауапкершілік және ұйымдастыру қасиеттерінің болуы болып табылады.

Дағдысы болу керек: гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдарынан алған білімедір мен әдістемелерін кәсіби қызметінде қолдану; зерттеу жұмысы; кәсіби қызметіне қатысты заңды нормаларымен құқықтық қатынастарды талдау; тұлғалар арасындағы қатынастарды орнату және дамыту; құқық мәселелері жөнінде сұхбаттасу және кеңесу; сот жарыссөздеріне қатысу және жауап алу; нормативтік құжаттар мен заң шешімдерін іске асыру механизмін жетілдіру мүмкіндіктерін іздестіру және салыстырмалық талдау жасау.

Жетік білуі керек: нақты тәжірибелі жағдайларда құқық нормалары мен теорияларын қолдануды; дәлел мен тергеу арасында шектеу жүргізуді; әрекет ету жүйелерінің мүмкіндіктерін және жоспарлауды дайындауды; қажетті іс жүргізу құжаттарды құруды; ұжымды, жұмыс топтарында бірігіп қызмет істеу, басқа пән саласындағы сарапшылармен өзара әрекеттестікті; өз қызметінің нәтижелерін бағалау болып табылады.


Басып шығару