Аймақтану

«Аймақтану» білім беру бағдарламасының мақсаты:

Жаһандық және өңірлік халықаралық қатынастар, мемлекеттердің аймақтық саясаты, әлем өңірлерінің экономикалық, әлеуметтік, саяси процестері, Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты, оның өңірлік саясатының негізгі бағыттары, жергілікті мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ҚР коммерциялық құрылымдарының қызметі саласында білімі мен іскерлігіне ие, Еңбек нарығының өзгермелі жағдайларына тиімді бейімделуге, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

- алынған білімді практикада жүзеге асыру, оларды кәсіби қызмет саласында барынша қолдану;

- мемлекеттік және шет тілдерін меңгеру, кәсіби қызмет саласында ілеспе және жазбаша аударма дағдыларын пайдалану;

- шет тілі бойынша алынған іргелі және арнайы дайындыққа сәйкес шет тілді ортада кәсіби қызметті жүзеге асыру;

- іс жүргізу, ақпараттық-анықтамалық және талдау құжаттарын дайындау дағдыларын меңгеру.

Бітірушіге «Аймақтану» білім беру бағдарламасы бойынша «әлеуметтік ғылымдар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бітіруші Қазақстан Республикасының әртүрлі мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында, халықаралық қатынастар саласындағы консультант, сарапшы, тиісті шет тілі (тілдері) бойынша аудармашы (аудармашы-референт), Қазақстан Республикасының аймақтық саясаты саласында ғылыми және білім беру ұйымдарының қызметкері ретінде жұмыс жасай алады.


Басып шығару