Халықаралық қатынастар

«Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының мақсаты:

Негізгі кәсіби құзыреттіліктерді іске асыруға дайындығы жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау

1) халықаралық (саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық, әскери-саяси, гуманитарлық, идеологиялық) қатынастарды, әлемдік саясатты, дипломатияны және мемлекеттің сыртқы саясатын іргелі білімдермен және кәсіби қызмет саласында оларды практикалық іске асыру дағдыларымен;

2) ғылыми-зерттеу, ақпараттық-талдау дағдысы, халықаралық қатынастар мәселелері бойынша сараптамалық қорытындыларды дайындау және дәлелді қорғау қабілеті;

3) кәсіби ортадағы өзара қарым-қатынасты басқаруға, халықаралық қарым-қатынас саласында коммуникацияларды құруға және еңбек нарығының өзгермелі жағдайларына тиімді бейімделуге дайын болуы;

Түлекке «халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша «гуманитарлық ғылымдар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

«Халықаралық қатынастар» түлегі:

- референт, сарапшы, талдаушы, консультант;

- тиісті шет тілі бойынша аудармашы-референт;

- ҚР ғылыми, сыртқы саяси және білім беру ұйымдарының қызметкері ретінде қызмет атқара алады.


Басып шығару