М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері ғылым мен білім бәйгесінде жеңімпаздар қатарында

М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері ғылым мен білім бәйгесінде жеңімпаздар қатарында

2020 жылдың 15 сәуір күні Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ұйымдастыруымен, Тұңғыш Президент Қорының қолдауымен ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының II кезеңі өткізілді.

ҚР БҒМ ұсынымдарына және қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2020 жылғы Республикалық пәндік олимпиадаларды қашықтық форматта өткізу туралы шешімге сәйкес, олимпиада жұмысы online форматында ұйымдастырылды.

Волонтерлықты дамытудың жаңа кезеңі, жастардың жауапкершілігі мен олардың әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайындығы ретінде 2020 жыл Қазақстанда волонтерлар жылы болып аталғанын білеміз. Осыған орай, байқау тақырыбы: «Қазіргі қоғамдағы волонтерлық: әлеуметтанулық перспектива» деп аталды.

Университетімізден аталмыш олимпиадаға 6В03101 «Әлеуметтану» білім беру бағдарламасының студенттері – Аманғалиева Айбиби, Бекбауова Айымжан, Файзуллина Маржан «Рухани батыс» командасы деген атпен қатысты. Команданың  ғылыми жетекшісі - Калиева Ж.А.,  оқытушы, магистр. Олимпиадаға әртүрлі жоғары оқу орындарынан келген командалар қатысып, өзара бақтарын сынап, жарысқа түсті. Олар: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің командалары.

Олимпиада нәтижесі бойынша «Рухани батыс» командасы жүлделі 2-орынға ие болды, сайыс барысында студенттеріміз озық ойларымен, білімділігімен, жүйелі дайындығымен көзге түсті.

 

Тарих, экономика және құқық факультетінің

дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

olymp04-44

olymp04-44

olymp04-44

olymp04-44


Басып шығару