Экономика және менеджмент кафедрасы

Экономика және менеджмент кафедрасы М.Өтемісов атындағы БҚМУ негізінде 2000 жылы құрылды.

Кафедра миссиясы:

Экономика және менеджмент кафедрасының миссиясы болып бәсекеге қабілетті экономика саласындағы жаһандық өзгерістеріне тез бейімделе алатын, экономика, менеджмент, маркетинг, туризм, мемлекеттік және жергілікті басқару салаларының көшбасшысы бола білетін мамандарын дайындау және экономика пәндеріне стандарт негізінде арналған оқу бағдарламасына сәйкес, нарық экономикасының және дүние жүзінде болып жатқан өзгерістердің талаптарына жауап бере алатын жоғары деңгейдегі білімі бар мамандарды нарық талабына сай бейімдеу.

Экономика және менеджмент кафедрасының миссиясының қағидалық ерекшеліктері:

- Мемлекеттің еңбек әлеуетін арттыруда жоғары мамандарды нарық талабына сай дайындау;

- Еңбек нарығында жұмыс берушілердің сұранысына сай жоғары білікті және білімді мамандарды дайындау;

- Болашақ мамандарды дайындауда ғылым саласындағы әр түрлі тәжірибелерді және инновациялық технологияларды пайдалану т.б.

Кафедраның мақсаты:

Кафедраның мақсаты болып – тиімді оқу бағдарламалары негізінде және жаңа технологияларды қолдану арқылы сапалы мамандарды дайындау. Мақсатты басымдылық болып - болашақ мамандарды дайындау, білім беру мекемелері, экономика бизнес қызығушылықтарын біріктіру.

Кафедраның оқу бағдарламалар бағыттары:

Экономика (бакалавриат);

Менеджмент (бакалавриат);

Мемлекеттік және жергілікті басқару (бакалавриат);

Туризм (бакалавриат);

Маркетинг(бакалавриат).

Магистратура бойынша оқу бағдарламалары:

Экономика (магистратура);

Менеджмент (магистратура);

Мемлекеттік және жергілікті басқару (магистратура).

Кафедраның оқытушылары ҚР Білім беру министрлігінің төсбелгілерімен мараппаталған. Л.И.Мергалиева э.ғ.д., профессор – ғылыми және педагогикалық қызметтегі жетістіктері және университеттің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды, Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды;

Доцент Г.И.Нестеренко - «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері»;

Профессор, э.ғ.д. Л.И.Мергалиева – Жас ұрпаққа сапалы білім беру мен тәрбие ісіндегі табысты еңбегі үшін ҚР Білім беру министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталды;

Экономика және менеджмент кафедрасының доценті Г.И.Нестеренко ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды;

Профессор Л.И.Мергалиева және кафедра доценттері Г.И.Нестеренко, А.Б.Тлесова- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды.


Басып шығару