Бізге бір жыл

Ақпан айының алтыншы жұлдызында «Тарих, экономика және құқық» факаультетінің «Құқықтану» мамандығының жанынан құрылған «Рухты жастар» қайырымдылық ұйымының «Бізге бір жыл» атты рухани есеп беру кеші аталып өтті. «Рухты жастар» еріктілер ұйымы » еріктілер ұйымы бір жыл көлемінде көптеген игі істерді атқарып факультетіміздің мақтаныштарына айналды. Кешімізге құтықтап келген қонақтар арасында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие іс жөніндегі проректоры Дәрішова Түймеш Малбағарқызы, Университетіміздің тәрбие іс жөніндегі проректордың көмекшісі Ешимова Жанбота Есенгалиевна, батыс Қазақстан облысы жастармен жұмыс жөніндегі ресупстық орталығының басшысы Мейірбек Асқарұлы, Орал қаласы әкімдігі ақпаратттық талдау және жастарен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың бөлім басшысы Жүсіпқалиев Дулат Нұрбергенұлы, Харекет қайырымдылық қорының Батыс Қазақстан облысындағы қкілі Мендешов Демежан Шынболатұлы, Батыс Қазақстан облысының «West Үміт» қайырымдылық ұйымының өкілі Кабаев Нұрсұлтан Жаксылыкович келіп өз тілектерін айтып ақ батасын беріп еріктілерімізге жігер беріп, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі. 2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті.


Печать